Студенттердің ғылыми-зерттеу үдерісіне қатысуына сыртқы және ішкі факторлардыңәсері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-151-2-262-278

Кілт сөздер:

зерттеушілік құзыреттілік, қалыптастыру, студенттер, ғылыми-зерттеу жұмысы, зерттеушілік оқыту, факторлар

Аңдатпа

Қазіргі заманғы жоғары білім берудің басты міндеттерінің бірі – студенттердің зерттеудағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру. Болашақ мұғалім зерттеу дағдыларына ие болуы, сыни және аналитикалық ойлау қабілетін көрсетуі, оқушылардың зерттеу құзыреттілігіндамытуға жағдай жасауы, сондай-ақ оқу үдерісіндегі проблеманы анықтап, оны ғылыми танымәдістері арқылы шеше білуі керек. Осы дағдыларды дамыту үшін студенттердің ғылыми – зерттеуүдерісіне барынша белсенді қатысуына ықпал ететін факторларды ескере отырып, зерттеу тәсілінқолдануға негізделген оқыту жүйесін ұйымдастыру қажет. Осы мақалада авторлар студенттердіңзерттеу құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін ең маңызды факторларды анықтауғатырысады. Оларға тәлімгерлік, ғылыми тәжірибенің болуы, ғылыми қызметтің маңыздылығынтүсіну, болашақ кәсіби қызмет үшін оның практикалық пайдасын ұғыну, сондай-ақ зерттеугедеген жеке қызығушылық жатады. Сауалнама нәтижелері студенттердің ғылыми-зерттеужұмысына қызығушылығы болғанымен, әртүрлі субъективті және объективті жағдайларғабайланысты оған жиі қатыспайтынын көрсетті. Бұл жоғары оқу орындарында ғылыми жұмыстыұйымдастыру барысында, әсіресе студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырупроцесінде, жоғарыда аталған сипаттамаларды ескеру қажеттігіне негіз береді. Осы мәселенізерттеу мақсатында зерттеу тақырыбы бойынша отандық және шетелдікпсихологиялық-педагогикалық әдебиеттерге шолу жасалып, сондай-ақ эмпирикалық (сауалнамажүргізу) және статистикалық талдау әдістері (χ² Пирсон критерийі, Cramér’s V) қолданылды. Алынған нәтижелердің негізінде авторлар студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тартубойынша бірқатар ұсынымдар әзірледі. Бұл ұсынымдар арнайы ұйымдастырылған іс-шаралар, студенттерге арналған материалдық ынталандыру жүйесі, сондай-ақ қолданбалы оқытуды енгізуарқылы жүзеге асырылады.           

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Студенттердің ғылыми-зерттеу үдерісіне қатысуына сыртқы және ішкі факторлардыңәсері. (2025). Gumilyov Journal of Pedagogy, 151(2), 262-278. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-151-2-262-278

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 62

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.