Болашақ педагог-психологтардың кәсіби дамуын қалыптастырудағы ұлттық құндылықтардың рөлі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-153-4-100-115

Кілт сөздер:

ұлттық құндылықтар, педагог-психолог, кәсіби құзыреттілік, білім, даму, болашақ маман

Аңдатпа

Жұмыс болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы ұлттық құндылықтардың рөлін қарастырады. Қазіргі білім беру жүйесінде ұлттық құндылықтар негізінде тұлғаны қалыптастыру маңызды бағыттардың бірі ретінде танылуда. Ұлттық құндылықтар – ұлттың рухани, мәдени және әлеуметтік өмірінің негізін құрайтын, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін жүйе, сондықтан педагог-психолог мамандарын даярлау барысында оларды ескеру маңызды болып табылады. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу болашақ педагог-психологтарда кәсіби құзыреттіліктерді дамытуда ерекше орын алады. Жұмыста педагог-психолог мамандарын даярлаудың негізгі аспектілері, кәсіби құзыреттіліктердің қалыптасуы және қазіргі заманғы білім беру талаптарына сәйкестік мәселелері қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесінде ұлттық құндылықтар негізінде тұлғаны қалыптастыру мәселесі өзекті болып отыр, өйткені олар ұлттың рухани, мәдени және әлеуметтік өмірінің негізін құрайды.тҰлттық құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын маңызды жүйе ретінде педагог-психолог мамандарының даярлығына ерекше әсер етеді. Болашақ педагог-психологтарды кәсіби даярлау барысында ұлттық құндылықтарды ескеру олардың жеке тұлғалық және кәсіби дамуына ықпал етеді. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, психологиялық білім мен дағдыларды игеру, сондай-ақ қазіргі білім беру жүйесінің талаптарына сай келу маңызды аспектілер болып табылады. Бұл жұмыс педагог-психологтарды даярлаудың негізгі мақсаттары мен міндеттерін талқылайды, сондай-ақ ұлттық құндылықтардың болашақ мамандардың кәсіби дамуына тигізетін әсерін қарастырады. Зерттеу нәтижелері қоғамның тұрақты  дамуына қажетті педагог-психологтардың кәсіби деңгейін арттыру үшін маңызды негіздер ұсынады.тТақырыптың өзектілігі қоғамның тұрақты дамуына, мәдени және әлеуметтік сұраныстарға жауап беретін мамандарды даярлау қажеттілігінен туындайды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Болашақ педагог-психологтардың кәсіби дамуын қалыптастырудағы ұлттық құндылықтардың рөлі. (2025). Gumilyov Journal of Pedagogy, 153(4), 100-115. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-153-4-100-115

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 83

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары