Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзыреті – педагогикалық өлшем объектісі ретінде
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-151-2-279-296Кілт сөздер:
бағалау, кәсіби стандарт, кәсіби-педагогикалық құзыреттілік, педагогикалық өлшемдер, психологиялық-педагогикалық құзыретАңдатпа
Мақалада болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттерін бағалау және педагогикалық өлшеудің өзекті мәселесі қарастырылады. Білім берудегі құзыреттілік тәсілдің негізгі инновациялық мәні мен мазмұны білім беру сапасының негізгі критерийлері ретінде құзырет пен құзыреттілік түрінде білім беру нәтижелерін сипаттау, қалыптастыру және бағалау болып табылады. Білім беру жүйесінің заманауи сын-қатерлерін ескере отырып, бұл мәселенің өзектілігі психологиялық-педагогикалық құзыреттілігі бар педагогтарды сапалы даярлау қажеттілігінен тұрады. Мақала мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзыретін, оның көріну ерекшеліктерін және тиімді оқытудың маңыздылығын түсінудің қолданыстағы теориялық тәсілдерін шолудан тұрады. Зерттеу негізгі ұғымдарды талдауды, студенттердің, болашақ мұғалімдердің сауалнамасы мен өзін-өзі бағалауын қамтитын аралас әдісті қолданады. Авторлар өздері жасаған сауалнамаға сүйене отырып, педагогикалық өлшеу және мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін бағалау мүмкіндігі туралы гипотезаны тұжырымдайды. Алынған нәтижелер талданады және түсіндіріледі. Мақаланың негізгі қорытындысы болашақ мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін өлшеу мүмкіндігін растау болып табылады. Қорытындылай келе, авторлар болашақ мұғалімдердің ЖОО оқу процесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттерін дамыту және бағалау қажеттілігі туралы қорытынды жасайды. Олар, құзыреттілікті бағалау әдістемесінің әзірленуі мұғалімдерді аттестаттау кезінде білім беру мекемелері үшін пайдалы болуы мүмкін екенін атап өтті. Алынған нәтижелер мен қорытындылар практикада педагогтердің психологиялық-педагогикалық құзыреттерін дамытуға және нығайтуға бағытталған кәсіби даму бағдарламалары мен әдістемелерін әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Мақала педагогтарды психологиялық қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оларды даярлау және дамыту жүйесін жетілдіруге үлес қосады.






