Рефлексивтілік болашақ мұғалімдердің жеке ресурсы ретінде
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-150-1-8-25Кілт сөздер:
рефлексия, рефлексивтілік, жеке ресурс, болашақ мұғалімдерАңдатпа
Рефлексивтілікті болашақ педагогтер үшін жеке ресурс ретінде зерттеу бұл мақаланың негізгі мәселесі болып табылады. Рефлексивтілік және рефлексия ұғымдары қарастырылып, болашақ педагогтың мансабы үшін рефлексивтіліктің маңыздылығы атап көрсетілген. Мақалада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің болашақ педагогтерінің рефлексивтілігін бағалаған А.В. Карповтың сауалнамасының нәтижелері туралы баяндалды.
Жас оқытушылар арасында жиі кездесетін рефлексия деңгейлері мен олардың рефлексивтілік деңгейі арасында байланыс бар. Мақала авторлары зерттеу барысыныда болашақ педагогтердің рефлексивтілігінің жалпы жағдайын, оның даму деңгейін анықтады. Авторлар рефлексивтілікті жеке ресурс ретінде қарастырып, даму деңгейін бағалауға арналған рефлексивтілікті зерттеу диагностикасын жүргізді. Зерттеуде осы тақырып бойынша негізгі идеялар мен анықтамалар анықталып, отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектерін талданып, жалпыланған. Мақалада болашақ педагогтер үшін жеке құрал ретінде рефлексивтіліктің ерекше қасиеттері де ескерілді. Бұл зерттеудің нәтижелері студенттердің рефлексивтілік дәрежесі орташадан жоғарыға дейін, сонымен қатар рефлексивтілік дәрежесіне қатысты бірқатар мәселелер бар екендігін көрсетті. Студенттердің көп бөлігі албырт әрекеттер және асығыс таңдау жасаса да, көбісі өздерінің іс-әрекеттері туралы және олардың басқа адамдарға қалай әсер ететіндігі туралы мұқият ойланады.