Қазақстандағы инклюзивті білім беру мамандарын даярлау тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-155-2-101-114Кілт сөздер:
инклюзия, құндылықтар, біліктілікті арттыру, мамандар даярлығы, аксиологиялық тәсіл, білімАңдатпа
Қазіргі таңда инклюзивті білім беру жүйесі әлем мойындаған жүйеге айналып отыр. Ол қоғамның талабы, заман талабы. Қазақстанға инклюзивті білім беру жүйесі кешігіп келуі себепті шешімін қажет ететін мәселелер жетерлік. Солардың бірі кадр тапшылығы, оларды оқыту немесе қайта даярлаудың маңыздылығы, қажеттілігі. Бұл мәселе қаншалықты жүзеге асырылуда, жүйе қаншалықты сапалы, нәтижелі жұмыс жасап жатқанын айқындау уақыт мәселесі.
Мақалада Қазақстандағы инклюзивті білім берудің даму деңгейі, жетілдіру жолдары, мамандардың даярлығы талқыланып, кейбір тұжырымдар жасалынған.
Зерттеуіміздің мақсаты, басты бағыты мен ойы – Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы жетістіктерін талдай отырып, инклюзивті білім берудегі қиындықтардың себептерін анықтау. Мамандардың даярлығын шетел тәжірибесімен салыстырып, мүмкіндігі шектеулі балалардың қажеттіліктеріне бағытталған жұмыстарды саралау.
Жұмыстың ғылыми маңыздылығына тоқталар болсақ, талдау жұмыстары инклюзивті білім берудегі біліктілікті көтеру және аксиологиялық тәсілдің өзектілігі, оның жекелеген топтарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін дағдыларды, білімді және ақыл-ой әрекетін бағдарлау бойынша мамандарды даярлауға тиімділігі анықталған.
Зерттеу жұмысы барысында жалпы білім беретін мектептерде білім алатын балалардың ата-аналарынан сауалнама алынып, нәтижесі талданды. Сол арқылы олардың ойы мен ұстанатын позициясын айқындадық.
Жұмыстың нәтижелері мен талдауы, қорытындысы: инклюзивті білім берудің жетілдіру жолдарын бұл саладағы проблемаларды анықтаған жағдайда ғана айқындауға болатындығы дәлелденіп, ой салатын талдаулар ұсынылған. Бұл үрдісті қамтамасыз ететін мамандарды даярлау бойынша бірнеше тәсілдер талқыланып, нақты ұсыныстар берілген.






