Болашақ педагог-психологтарды оқушылардың танымдық белсенділігін жобалық қызмет арқылы сүйемелдеуге дайындау
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-151-2-313-331Кілт сөздер:
жобалық қызмет, танымдық белсенділік, сүйемелдеу, болашақ педагог-психологтар, оқушыларАңдатпа
Мақалада болашақ педагог-психологтардың оқушылардың танымдық белсенділігін жобалық қызмет арқылы сүйемелдеуге дайындығының өзектілігі мен болашағы қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – болашақ педагог-психологтардың оқушылардың танымдық белсенділігін жобалық қызмет арқылы сүйемелдеу үдерісін ұйымдастырудың тиімділігін анықтау. Зерттеудің негізгі идеялары: педагог-психологтардың жобалық қызмет арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін сүйемелдеуге дайындығының теориялық сипаттамаларын айқындау және бұл дайындық деңгейін арттыру мүмкіндіктерін көрсету. Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы – теориялық білімді кеңейтіп, ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеуде көрінеді. Ұсынылған модель мен даму бағдарламасының тиімділігі зерттеу нәтижелерімен дәлелденді: қосымша дайындықтан өткен болашақ педагог-психологтар қатысқан эксперименттік топта оқушылардың танымдық белсенділігін сүйемелдеуге дайындық деңгейі айтарлықтай артты, ал мұндай дайындықтан өтпеген бақылау тобында өсім көрсеткіштері мардымсыз болды. Мектептегі эксперимент те қосымша дайындықтан өткен болашақ мамандар сүйемелдеген жобалық қызметтің оқушылардың танымдық белсенділігін едәуір арттыратынын растады. Болашақ педагог-психологтардың дайындық деңгейін арттыру және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту мақсатында аталған модельді педагогикалық тәжірибеге енгізуге арналған ұсыныстар әзірленді.






