STEM-білім беру технологиясын физиканы оқыту саласында қолдану әдістемесі

Авторлар

  • Х.К. Абдрахманова Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Автор https://orcid.org/0000-0002-6110-970X
  • Қ.Б. Кудайбергенова Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Автор https://orcid.org/0000-0003-4344-6638

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-152-3-59-73

Кілт сөздер:

STEM-білім беру, жобаға негізделген оқыту, физиканы оқыту, 5E оқыту моделі, мұғалімдерді даярлау

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындарында физиканы оқыту үдерісінде STEM-білім беру технологиясын қолдану әдістемесі ұсынылады. Ұсынылған тәсіл 5Е үлгісін жобалық оқытумен (PBL) ұштастыра отырып, болашақ физика пәні мұғалімдерінің оқу үдерісіне белсенді қатысуын, пәнаралық ойлауын және кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған. Зерттеу аясында «Үйкеліс: үйкеліс күші» тақырыбы бойынша кейс-сабақ әзірленіп, физика мамандығының үшінші курс студенттерімен сынақтан өткізілді. Сабақ шынайы өмірлік жағдаяттарды, зерттеуге негізделген тәжірибелерді және бірлескен шағын жобаларды қамти отырып, ғылыми ойлау, сыни пайымдау және физикалық ұғымдарды практикалық қолдану дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бақылау мәліметтері, студенттердің рефлексиялары және портфолиолық бағалау нәтижелері студенттердің оқу мотивациясының артқанын, тақырыпты тереңірек түсінгенін және STEM компоненттерінің тиімді біріктірілгенін көрсетті. Зерттеуде STEM-тәсілдің педагогикалық әлеуеті мен оны мұғалімнің даярлау үдерісіне енгізудегі қиындықтары, атап айтқанда, құрылымдалған қолдаудың және оқу бағдарламасына кіріктірудің қажеттілігі атап өтіледі. Бұл зерттеу STEM әдістемесі арқылы физиканы оқытуды жаңғыртудың тұжырымдамалық негізін қалыптастыруға және болашақ мұғалімдердің STEM құзыреттіліктерін жүйелі дамытуға үлес қосады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

STEM-білім беру технологиясын физиканы оқыту саласында қолдану әдістемесі. (2025). Gumilyov Journal of Pedagogy, 152(3), 59-73. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-152-3-59-73

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 80

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.