Бастауыш сынып оқушыларының қаржылық сауаттылығын цифрлық контент негізінде қалыптастыру

Авторлар

  • Р.К. Измагамбетова 4Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Автор https://orcid.org/0000-0002-8016-7526
  • Д.Р. Жарикбаева Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Автор https://orcid.org/0000-0003-1805-1124
  • А.М. Байкулова Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Автор
  • Э.Н. Айтжанова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Автор https://orcid.org/0000-0002-0604-5133

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-153-4-298-310

Кілт сөздер:

бастауыш сынып, қаржылық сауаттылық, қаржылық мінез-құлық, экономикалық мәдениет, цифрлық контент

Аңдатпа

Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының қаржылық сауаттылығын цифрлық контент негізінде қалыптастыру мәселесі жан-жақты қарастырылған. XXI ғасырда қоғам алдында тұрған жаһандық мәселелердің бірі – халықтың несиелік тәуелділігі мен экономикалық мәдениетінің төмендігі. Осыған байланысты қаржылық сауаттылықты ерте жастан қалыптастыру азаматтардың экономикалық мәдениетін арттырудың басты тетігі ретінде сипатталады.

Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттары (Қаржылық сауаттылықты арттыру тұжырымдамасы 2020–2025, 2023–2029 жылдарға арналған цифрлық трансформация тұжырымдамасы) және халықаралық ұйымдар (OECD) ұсынымдары негізге алынған. Авторлар бастауыш білім беру жүйесінде қаржылық білім берудің мазмұнын кеңейту, оқушылардың қаржылық мінез-құлқын, өзін-өзі бақылау қабілетін дамытуға арналған цифрлық ресурстардың тиімділігін айқындаған.

Зерттеу әдістері ретінде сауалнама, педагогикалық талдау және салыстырмалы талдау қолданылған. 172 мұғалім қатысқан сауалнама нәтижелері бастауыш сыныптарда арнайы цифрлық оқу материалдарының, оқыту бағдарламалары мен әдістемелік құралдардың жетіспейтінін көрсетті. Осы негізде болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып оқушыларының қаржылық сауаттылығын қалыптастыру» атты элективті курс әзірленді.

Мақалада шетелдік тәжірибелер (Aflatoun, Fingramota Online, AR-қысқашы әңгімелер) талданған және қаржылық сауаттылықтың үш құрамдас бөлігі – когнитивтік, іс-әрекеттік және құндылық-мотивациялық компоненттер – сипатталған. Зерттеу қорытындысы бойынша, цифрлық контент бастауыш сынып оқушыларының қаржылық білімін дамытудың ең тиімді құралы ретінде ұсынылады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бастауыш сынып оқушыларының қаржылық сауаттылығын цифрлық контент негізінде қалыптастыру. (2025). Gumilyov Journal of Pedagogy, 153(4), 298-310. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-153-4-298-310

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 48

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.