Болашақ педагог-психологтерді даярлау: буллинг ұғымын түсіну деңгейі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-150-1-149-161

Кілт сөздер:

болашақ педагог-психологтер, буллинг ұғымы, буллингтің алдын алу, студенттер, буллинг салдары, мектеп, оқушы, жасөспірім

Аңдатпа

Қазіргі кезеңде мектеп жағдайындағы орын алған әртүрлі зорлық-зомбылық құбылысы негізгі мәселелердің бірі. Осы зорлық-зомбылықтың бір түрі – оқушылар арасындағы буллинг құбылысы. 
Бұл білім беру ұйымдарындағы балалар топтарында жиі кездеседі. Буллинг мәселесінің өзектілігі мектеп оқушыларының бір-біріне қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерінің ұлғаюына байланысты болып отыр. Ол мектеп өмірінің әртүрлі салаларына, оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздік сезіміне, олардың физикалық және психологиялық денсаулығына, іс-шаралардың сапасы мен тиімділігіне, жалпы мектеп өмірінің мәдениетіне әсер етеді. Буллингтің балаға тигізетін салдары өмір бойына созылуы мүмкін. Мектеп буллингі мектепттің әлсіз жақтарын көрсетеді.

Осы мәселенің өзектілігін ескере отырып, болашақ педагог-психологтарды буллингтің алдын алуға даярлау қажеттілігіне күмән тудырмайды. Қоғамның даму қарқыны болашақ педагог-психологтарды даярлауға жаңа талаптар қояды. Буллингтің салдары күрделі, оған жол бермес үшін мектептегі буллингтің алдын алуға назар аударуды қажет етеді.  Сол себепті мақалада білім беру ұйымындағы буллингтің алдын алуға болашақ педагог-психологтерді дайындау мәселесі қарастырылады, буллинг түсінігі мен салдары нақтыланады. Болашақ педагог-психологтердің буллинг ұғымын түсіну деңгейін анықтау бойынша сауалнама нәтижелері талданып, соның негізінде ұсыныстар берілген. 

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 18

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.