Білім беру ортасындағы стресті басқару стратегиялары: мұғалімдердің тәжірибесі
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-153-4-241-249Кілт сөздер:
стресс факторлары, білім беру ортасы, стресске төзімділігі, стрессті басқару бағдарламалары, кәсіби әл-ауқатАңдатпа
Бұл зерттеу мұғалімдердің білім беру ортасында кездесетін стресс факторларын анықтауға және оларды тиімді қолдаудың ықтимал тәсілдерін талдауға арналған. Стрестің негізгі көздеріне әкімшілік жүктеме, ата-аналармен қарым-қатынас, ерекше балалармен жұмыс және білім беру процесінің заманауи талаптарына бейімделу қажеттілігі жатады. Зерттеу әдістемесі ретінде сауалнамалар мен сұхбаттар қолданылды, бұл мұғалімдердің стрестік факторларды қабылдауы туралы егжей-тегжейлі мәліметтер алуға мүмкіндік берді. Нәтижелер кәсіби қызметке деген жоғары үміт, ресурстардың жетіспеушілігі және әкімшіліктің жүйелі қолдауының болмауы стресс деңгейін жоғарылатып, жұмысқа қанағаттануды төмендететінін көрсетті. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы мұғалімдердің еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған құрылымдық өзгерістерді, соның ішінде әкімшілік жүктемені азайту үшін көмекшілерді енгізуді, инклюзивті тәжірибелерді оқытуды және стресті басқару бағдарламаларын құруды қамтиды. Жұмыстың практикалық маңыздылығы қолайлы білім беру ортасын құру және мұғалімдердің стреске төзімділігін арттыру үшін пайдалануға болатын ұсыныстарда жатыр. Мұндай шараларды енгізу мұғалімдердің кәсіби және эмоционалды әл-ауқатына ықпал етіп қана қоймай, жалпы білім беру процесінің сапасына оң әсер етеді.






