Болашақ мұғалімдер арасында көшбасшылықты, коммуникацияны және командалық жұмысты дамытудағы жобалық оқытудың рөлі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-153-4-250-265

Кілт сөздер:

жобалық оқыту, soft skills, көшбасшылық, коммуникация, командалық жұмыс, педагогикалық білім беру, дене шынықтыру және спорт

Аңдатпа

Мақалада дене шынықтыру және спорт саласында маманданған болашақ педагогтардың икемді құзыреттерін (soft skills) қалыптастырудағы жобалық оқытудың рөліне арналған зерттеулерге талдамалық шолу ұсынылған. Жүйелі шолуларды, мета-талдаулар мен эмпирикалық зерттеулерді қамтитын отандық және шетелдік ғылыми жұмыстарға салыстырмалы талдау жүргізілді. Болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының негізгі құрамдас бөлігі ретінде көшбасшылық қасиеттерін, коммуникативтік шеберліктерін және командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Шетелдік және қазақстандық тәсілдер салыстырылды, білім беру практикасында жобалық оқытуды қолданудың дәлелденген әсерлері мен шектеулері анықталды. ХХI ғасырдың талаптарына сәйкес келетiн педагогикалық бiлiм берудiң сапасын арттырудың және кәсiби құзыреттердi дамытудың маңызды шарты ретiнде дене шынықтыру және спорт педагогтерiн даярлау бағдарламаларына жобалық оқытуды ықпалдастыру қажеттiгi негiзделген. Жобалық оқытуды табысты іске асырудың педагогикалық шарттары қарастырылды: міндеттердің пәнаралық сипаты, бағалау, тәлімгерлік, ынтымақтастықтың цифрлық құралдары және рефлексивті тәжірибелер. Жобалық форматтар студенттердің уәждемесін, жауапкершілігін және академиялық дербестігін күшейтеді, білімді кәсіби жаттықтырушылық-оқытушылық қызметтегі жағдайларға ауыстыруға ықпал етеді. Практикалық маңыздылығы ұлттық стандарттарды, университет ресурстарын және студенттерді даярлау бейінін ескере отырып, әдістемелік оқу пәндеріне, педагогикалық және жаттықтырушылық практикаларға PBL бар модульдерді енгізу, сондай-ақ нәтижелердің мониторингі бойынша ұсыныстардан тұрады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Болашақ мұғалімдер арасында көшбасшылықты, коммуникацияны және командалық жұмысты дамытудағы жобалық оқытудың рөлі. (2025). Gumilyov Journal of Pedagogy, 153(4), 250-265. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-153-4-250-265

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 81

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.