Жобалық іс-әрекет пен әлеуметтік дағдыларға негізделген бірлескен оқытуды эмоционалды интеллект қалыптастыруда қолдану
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-152-3-274-287Кілт сөздер:
эмоционалды интеллект, ғылым, білімгер, жобалық іс-әрекет, әлеуметтік-эмоциялық дағдылар, оқыту, Soft skills, бірлескен оқытуАңдатпа
«Биология» пәнін оқытуда білім алушылардың жобалық іс-әрекет арқылы әлеуметтік-эмоционалды дағдыларын дамыту маңызды бағыттардың бірі. Эмоционалды интеллект пен биология пәнінің байланысы жобалау іс-әрекетінде топтық жұмыс барысында білім алушылардың бір-бірінің эмоцияларын түсінуі, басқару қабілеті, кез келген жағдайды жеңілдетудің оң тәсілдері, тиімді қарым-қатынас жасауы кезінде көрініс табады. Ғылыми мақалада биолог мамандарды даярлауда жобалық іс-әрекет пен әлеуметтік дағдыларды дамыту арқылы эмоционалды интеллекттің қалыптастыру нәтижелері көрсетілген. Мақалада жобалау іс-әрекеттің теориясы мен практикасында қайшылықтармен бетпе-бет келіп, оларды шешу мәселесі қарастырылған. Бірлескен оқытуда эмоционалды интеллект қалыптастыруда тақырыбы қозғалған.
Мақалада білім алушыларға арналған жобалық іс-шаралардың мақсаты анықталып, жобалау қызметі процесінде дағдыларын дамыту бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Жобалық-зерттеу іс-әрекеті процесінде білім алушылардың дағдыларын дамыту мен қызығушылығын диагностикалау – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Зерттеу бойынша күтілетін нәтиже тәжірибенің оң динамикасы білім алушылардың танымдық белсенділігі деңгейін мониторингтеу нәтижелерімен расталады. Жобалық іс-әрекет кезінде әлеуметтік-эмоциялық дағдыларды қалыптастыру бойынша эксперимент бірнеше кезеңнен тұрды. Нәтижелерін өңдеуде математикалық-статистикалық әдістер (ANOVA) қолданылды. Дисперсиялық талдау жасалды. Жоба аяқталғанға дейін және одан кейін білім алушылар жобалық дағдыларын бағалау нәтижелерін салыстырмалы талдау жасалынды. Жобалық іс-әрекет пен әлеуметтік дағдыларға негізделген бірлескен оқыту бүгінгі таңда керекті дағдылардың даму динамикасы (оң немесе теріс) туралы қорытынды жасауға болады.






