Қазақстандағы этно-демографиялық зерттеулерді оқыту: әдіснамалық тәсілдер және білім беру технологиялары
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-156-3-55-71Кілт сөздер:
Этнодемография, әдістеме, оқыту технологиясы, халық санағы, көші-қон, Қазақстан тарихы, этностар, тарихи демографияАңдатпа
Бұл мақалада Қазақстандағы этнодемографиялық зерттеулердің әдістемелік негіздері мен оларды оқу процесінде тиімді қолдану жолдары қарастырылады. ХХ ғасырдың басынан бастап елімізде жүргізілген этнодемографиялық зерттеулер – Қазақстан халқының саны, ұлттық құрамы, көші-қон процестері мен аймақтық орналасуы сияқты маңызды демографиялық көрсеткіштердің тарихи динамикасын түсінуге мүмкіндік береді. Осы деректерді оқу үдерісіне енгізу, болашақ тарихшылар мен әлеуметтік-гуманитарлық сала мамандарын даярлауда ерекше рөл атқарады. Оқытудың мазмұнына демографиялық көрсеткіштерді талдау, аймақтық ерекшеліктерді зерттеу, демографиялық саясатты қарастыру және болашақ болжамдарын жасай отырып, халықтың құрылымы мен динамикасын зерттеудің маңызы және демографиялық өзгерістердің қоғамға ықпалы көрсетіледі.
Бұл зерттеу демографияны оқыту әдістерін жетілдіруге және демографиялық процестерді түсінуге бағытталған. Зерттеуде демографиялық процестерді оқытудың теориялық және практикалық аспектілері қарастырылады. Демографиялық процестердің негізгі элементтері – туу, өлім-жітім, табиғи өсім, миграция және халық құрылымындағы өзгерістер қарастырылады. Сондай-ақ демографиялық көрсеткіштерді есептеу әдістері, аймақтық ерекшеліктер, әлеуметтік-экономикалық факторлардың халық санына әсері мен демографиялық саясаттың рөлі талданады. Оқыту мазмұнына статистикалық деректерді пайдалану, болжау әдістері және халық динамикасын басқару стратегиялары кіреді. Мақала демографияны оқыту үдерісін жетілдіруге және оның маңыздылығын арттыруға бағытталған. Автор Қазақстандағы этникалық құрамның өзгерісі, репрессия мен депортация салдары, көші-қон саясаты, халық санағы процестерінің этнодемографиялық мазмұнын ашады. Сонымен қатар, этнодемографиялық тақырыптарды оқыту кезінде кездесетін ғылыми-әдістемелік және практикалық қиындықтар, дереккөздер тапшылығы, терминологиялық түсініктердің күрделілігі сияқты мәселелер талданады.





