Білім беру тәсілдерін трансформациялау және олардың «ақылды қала» тұжырымдамасындағы рөлі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-154-1-187-201

Кілт сөздер:

ақылды қала, адами капитал, білім беру процесі, цифрлық орта, педагогика

Аңдатпа

«Ақылды қала» тұжырымдамасын дамыту қоғамдағы өзгерістерді қажет етеді. «Ақылды қала» тұжырымдамасына үйлесімді ену үшін адами капитал қосымша қасиеттерге ие болуы керек. Адами капиталды өзгертудің бір жолы – білім беру. Өйткені білім беру үдерісіндегі қолданыстағы тәсілдер тұрақты дамуды ескере отырып, «ақылды қаланы» құру және дамыту үшін тиісті адами капиталды қалыптастыруға, сондай-ақ оның өмірін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

Бұл мақаланың мақсаты – білім беру тәсілдерін өзгерту арқылы «ақылды қаланы» дамыту және қолдау үшін адами капиталды қалыптастыру кезеңдерін анықтау болып табылады.

Бұл зерттеудің ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы – «ақылды қала» ұғымына сәйкес тұлғаның дағдылары мен тәжірибесін дамыту үшін білім беру үдерісіндегі өзгерістерді негіздеу.

Мақаланы жазу кезінде жалпы ғылыми зерттеу әдістері қолданылды: мазмұнды талдау, ғылыми жарияланымдарға шолу, синтез және салыстыру әдісі.

Зерттеудің негізгі нәтижелеріне «ақылды қала» тұжырымдамасын және оның даму кезеңдерін жан-жақты және терең талдау және «ақылды тұрғындар» тұжырымдамасын зерттеуге негізделген негізгі дағдылар мен құзыреттерді қамтиды, әзірленетіндігі тұжырымдалған. Оқыту оқушының шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін дамытуға бағытталған шығармашылық процеске айналуы керек деген қорытынды жасалды.

Бұл зерттеудің үлесі «ақылды қала» тұжырымдамасын дамыту контекстінде білім беру тәсілдері саласындағы білімді кеңейтуге ықпал етеді. Ұсынылған тәсіл Қазақстанның адами капиталын жақсартуға қабілетті, ол бұрын болған тәсілге қарағанда динамикалық шындыққа көбірек жауап береді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Білім беру тәсілдерін трансформациялау және олардың «ақылды қала» тұжырымдамасындағы рөлі. (2026). Gumilyov Journal of Pedagogy, 154(1), 187-201. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-154-1-187-201

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 90

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары