Эпистолярлық жанрдың білім беру саласындағы маңызы мен оны оқыту әдістері

Авторлар

  • А.К. Уразова Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Автор
  • П.А. Казбай Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Автор
  • К.Т. Кудайбергенова Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-154-1-151-166

Кілт сөздер:

эпистолярлық жанр, білім беру, оқыту әдістері, шығармашылық дағдылар, сыни ойлау, Лайкерт шкаласы, сауалнама

Аңдатпа

Бұл мақала эпистолярлық жанрдың білім беру саласындағы маңызы мен оқыту әдістерін зерттеуге арналған. Зерттеудің мақсаты – эпистолярлық жанрды оқытудың тиімділігін анықтау және оның білім беру үдерісінде шығармашылық және сыни ойлау дағдыларын дамытудағы рөлін көрсету. Зерттеу барысында эпистолярлық жанрды оқытудың маңыздылығы мен оның білім беру саласындағы қолданылуы талқыланады.

Зерттеу әдістері ретінде сауалнама әдісі қолданылды. Лайкерт шкаласы негізінде жүргізілген сауалнамаға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің журналистика және қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарының 2-3 курс студенттері қатысты. Сауалнама нәтижелері JASP және DATAtab бағдарламаларында талданып, эпистолярлық жанрды оқытудың тиімділігі туралы студенттердің пікірлері салыстырылды.

Зерттеу нәтижелері эпистолярлық жанрдың шығармашылық және сыни ойлау дағдыларын дамытуда маңыздылығын көрсетті. Студенттердің пікірлері бойынша, жанрды оқыту барысында жазу дағдылары мен сыни ойлау қабілеттері дамиды. Алайда, эпистолярлық жанрды оқыту әдістерін жетілдіру қажеттілігі, әсіресе жаңа әдістер мен технологияларды қолдану арқылы білім беру үдерісін жақсарту мәселесі көтерілді.

Қорытындысында жүргізілген кейбір зерттеу жұмыстары бойынша бағалардың төмен болуы эпистолярлық жанрды оқыту әдістері мен тәсілдерінің толыққанды жетілдірілуі қажеттігін көрсетеді. Бұл орайда жаңа әдістер мен технологияларды қолданудың маңыздылығы айқын байқалды. Бұл эпистолярлық жанрды оқытуда жаңашыл әдістемелерді енгізудің қажеттілігін білдіретіндігі айтылды.

Зерттеу нәтижелері білім беру үдерісінде эпистолярлық жанрдың қолданылуының болашағы зор екенін көрсетті. Осы жанрды оқыту арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттері мен сыни ойлау дағдылары дамиды, бұл білім беру саласының сапасын арттыруға оң әсерін тигізетіндігі нақтыланды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Эпистолярлық жанрдың білім беру саласындағы маңызы мен оны оқыту әдістері. (2026). Gumilyov Journal of Pedagogy, 154(1), 151-166. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-154-1-151-166

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 99

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.