Бастауыш сыныпта «Жаратылыстану» пәнін оқытуда қазақ этнопедагогикасының материалдарын пайдалану
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-150-1-26-41Кілт сөздер:
қалыптастыру, бастауыш сынып оқушылары, этнопедагогика, қазақ этнопедагогикасы материалдары, ұлттық құндылықтар, этномәдениетАңдатпа
Мақалада жалпыадамзаттық құндылықтардың ажырамас бөлігі ретіндегі қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетіндегі сан ғасырлар бойы жинақталған тәрбие тәжірибесінің бүгінгі жас ұрпақтың зияткерлік қабілетін дамытудағы ықпал ету күші, рөлі жан-жақты сөз етіледі. Арнайы бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде қазақ этнопедагогикасы материалдарын мақсатты, тиімді қолдану мәселелері қарастырылады.
Қазіргі әлемдік деңгейдегі қоғамның ашық дамуы жағдайында бала бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырып, жан-жақты тәрбие беру міндеттерін шешудегі білім мазмұнын жетілдіру мәселесінің маңыздылығы мен ғылыми мәні айтылады. Осы орайда авторлар көзқарасы бойынша білімнің берік негізі қаланатын бастауыш сыныптарда «Жаратылыстану» пәнін оқыту процесінде кіші мектеп оқушыларының құндылық бағдарын қалыптастыру бағытында қазақ этнопедагогикасы материалдарын мақсатты, жүйелі пайдаланудың маңыздылығына баса назар аудару қажеттілігі ғылыми және әдістемелік тұрғыдан тұжырымдалады.
Зерттеліп отырған мәселе аясында бастауыш сынып оқушыларына қазақ этнопедагогикасы материалдарын тиімді қолдана отырып, «Жаратылыстану» пәнін терең меңгертудің маңызды құралы – халықтың ғасырлар сынынан өткен озық тәрбие тәжірибесі мен қазақстандық педагогика ғылымының танымал тарихи, көрнекті өкілдерінің рухани мұрасын негізге алу арқылы ғана қол жеткізудің мүмкіндігі айқын көрсетіліп, тұжырымдалған. Бұл бағытта мақалада кіші мектеп оқушыларына «Жаратылыстану» ғылым саласының негізін құрайтын күрделі тақырыптарды, ұғымдар мен құбылыстар мәнін терең түсіндіріп, меңгерту барысында қазақ этнопедагогикасы материалдарын мақсатты, жүйелі, ұтымды қолданудың тәжірибесі бойынша нақты мысалдар келтірілген.