Колледж студенттерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру – табысты мұғалім даярлаудың негізі
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-154-1-290-312Кілт сөздер:
кәсіби құзыреттілік, табыстылық, колледж, студенттер, бастауыш сынып мұғалімдері, пәндік құзыреттілік, әдістемелік құзыреттілікАңдатпа
Бұл мақалада болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлық деңгейін арттыру мәселелері мен перспективалары қарастырылады. Бұл міндеттер колледжде оқу кезеңінде шешілуі тиіс. Зерттеудің мақсаты – орта кәсіптік білім беру жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда кәсіби құзыреттілікті арттыруға ықпал ететін тиімді шараларды анықтау. Қойылған міндеттерді шешу үшін әдеби талдау әдістері қолданылды, фокус-топ сауалнамалар жүргізілді және студенттерге тест тапсырмалары берілді. Нәтижелерді жинақтау және қорытынды жасау үшін, статистикалық және аналитикалық талдау әдістері пайдаланылды. Фокус-топ сауалнамасының нәтижелері болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арасында кәсіби құзыреттілікті дамыту қажеттілігін, өзекті мәселелерді және табыстың негізгі факторларын айқындады. Колледж студенттерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған инновациялық әдістер негізінде шаралар әзірленді. Бұл шаралардың тиімділігі жүргізілген эксперимент нәтижелерімен дәлелденді. Пәндік және әдістемелік құзыреттілік көрсеткіштері бойынша соңғы диагностикалық деректер эксперименттік топта барлық құзыреттер түрлерінен жоғары балл жинаған табысты студенттер үлесінің айтарлықтай артқанын көрсетті. Колледж студенттерінің педагогикалық табыстылығын бағалау нәтижелері де қолданылған шаралардың тиімділігін және кәсіби құзыреттілік деңгейімен тығыз байланысты екенін дәлелдеді.






