Pedagogical conditions for the development of a child's speech at early ages

Authors

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-150-1-193-214

Keywords:

early age, speech, communication, prenatal pedagogy, activity with subjects, language environment, early childhood

Abstract

Мақалада бүгінгі мектеп жасына дейінгі балалардың тілінің дамуындағы кешуілдеудің себептері көрсетілген (балалардың денсаулығы, педагогикалық жұмыстың деңгейіне және тілдік ортаның ұйымдастырылуы). Осы факторларды ескере отырып, авторлар  мақалада ерте балалық шақта сөйлеуді дамытуға қажетті педагогикалық шарттарды зерттейді. Баланың жалпы өсуінде жетекші рөл атқаратын сөйлеуді дамыту үшін қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығы басты назарға алынды. Н.Хомский, Б. Ф. Скиннер, К. Осгуд, Ярроу, Энтони Де Каспер, М. Л. Лазарев және басқа ғалымдар жүргізген теориялық және эмпирикалық зерттеулерге сүйене отырып, авторлар сөйлеуді дамытудың негізін пренатальды кезеңде-ақ қалау керек деп тұжырымдайды. Бұл нәтижелер болашақ аналарға туылмаған баласымен қарым-қатынас жасау жолдарын анықтауға ерекше назар аудара отырып, тілді меңгерудің алғашқы кезеңдеріндегі пренатальды өзара әрекеттесудің маңызды рөлін көрсетеді. Мақалада сөйлеуді оңтайлы дамытудың үш негізгі педагогикалық шарты анықталған. Бірінші шарт пренатальды кезеңнен бастап сөйлеуді дамыту үшін алғышарттар жасаудың маңыздылығын көрсетеді. Екінші шарт ерте жастағы балалардың іс-әрекетінің ажырамас аспектілері ретінде қызмет ететін қарым-қатынас дағдыларын, моторикасын, объектілермен өзара әрекеттесуін дамытуға баса назар аударады. Отандық және халықаралық зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып, мақалада туғаннан үш жасқа дейінгі балалардың сөйлеуінің даму ерекшелігі анықталып, сондай-ақ тиісті көрсеткіштер көрсетілген. Мақалада үшінші шарт баланың тілінің дамуында тілдік ортаның қажеттілігі, ата-анаға, педагогтарға қойылатын талаптар беріледі.

Downloads

Published

2025-03-31

Issue

Section

Статьи

How to Cite

Pedagogical conditions for the development of a child’s speech at early ages. (2025). Gumilyov Journal of Pedagogy, 150(1), 193-214. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-150-1-193-214

Similar Articles

1-10 of 18

You may also start an advanced similarity search for this article.