Сандық аутизмнің алдын алудың психологиялық-педагогикалық шарты ретінде ата-аналардың медиа сауаттылығын қалыптастыру

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-151-2-47-63

Кілт сөздер:

медиа сауаттылық, медиабілім, медиапедагогика, гаджеттер, сандық технологиялар, сандық экран, сандық аутизм

Аңдатпа

Мақала ата-аналардың медиасауаттылығын дамыту мәселелеріне арналған. Медиа сауаттылық жаңа ұғым емес және ғылымда жеткілікті түрде зерттелген. Осыған сәйкес медиасауаттылық ұғымына отандық және шетелдік ғалымдар тарапынан анықтама берілген. Мақалада медиа сауаттылық мәселесін оның балалардағы цифрлық аутизмді дамытудың өзекті мәселесімен байланысы тұрғысынан қарастырамыз. Цифрлық ғасырда, ересектер де, балалар да сандық экрандарға тәуелді кезде, цифрлық деп атауға болатын мәселелер туындайды. Практикалық психологтар балалардағы цифрлық аутизмнің дамуы туралы хабарлайды. Цифрлық аутизм – сандық гаджеттер мен экрандармен шамадан тыс әрекеттесу салдарынан балада үш жаста дамитын классикалық аутизм белгілері бар аутизм түрі. Біз балалардағы цифрлық аутизмнің алдын алуда ата-аналардың медиа сауаттылығының мәні мен маңызын қарастырдық. Мақалада балаларының цифрлық құрылғыларды шамадан тыс пайдалануына қатысты ата-аналар арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижелері берілген. Бұл сауалнамада біз балалардың цифрлық экрандарды қай жастан пайдалана бастайтынын, балалардың гаджеттермен ерте араласу мотивтерін, ата-аналардың цифрлық экрандар мен гаджеттер туралы көзқарасы бойынша ненің пайдалы, ненің зиянды екенін анықтадық. Зерттеу нәтижелері бойынша ата-аналарда медиа сауаттылықты дамытудың ықтимал жолдары, цифрлық экрандардың зияны мен пайдасы, олардың балалар психикасына әсері туралы білім деңгейін арттыруға арналған құралдар мен технологиялар ұсынылды.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяны

  • Р.Е. Жангалиева, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

     

     

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сандық аутизмнің алдын алудың психологиялық-педагогикалық шарты ретінде ата-аналардың медиа сауаттылығын қалыптастыру. (2025). Gumilyov Journal of Pedagogy, 151(2), 47-63. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-151-2-47-63

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.