Болашақ арнайы педагогтердің зерттеушілік құзыретін дамыту мәселесінің негіздері
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-152-3-188-204Кілт сөздер:
құзырет, құзыреттілік, зерттеушілік құзырет, болашақ арнайы педагогтер, «зерттеушілік құзыретін» дамыту мәселесі, әдістер, білім беруАңдатпа
Мақала болашақ арнайы педагогтердің зерттеушілік құзыретін дамыту мәселесінің негіздерін қарастыруға арналған. Мақалада болашақ арнайы педагогтердің «зерттеушілік құзыретін» дамыту мәселесінің негіздері бойынша отандық және алыс, жақын шетелдік ғалымдардың сапалы зерттеулеріне талдау жасалды. «Құзырет» түрлері мен олардың сипатталу барысы берілді.
Мақаланың мақсаты: Болашақ арнайы педагогтердің зерттеушілік құзыретін дамыту мәселесінің негіздерін анықтау.
Бұл мақсатты жүзеге асыру келесі міндеттермен анықталады: болашақ арнайы педагогтердің зерттеушілік құзыретін дамыту мәселесін анықтауға бағытталған сауалнама жүргізу; болашақ арнайы педагогтердің зерттеушілік құзыретін дамыту мәселесін қарастыру. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында болашақ арнайы педагогтердің зерттеушілік құзыретін дамыту мәселесін анықтау.
Болашақ арнайы педагогтердің зерттеушілік құзыретін дамыту мәселесін анықтау мақсатында 6В019-Арнайы педагогика: Сурдопедагогика, олигофренопедагогика, тифлопедагогика, логопедия білім беру бағдарламасы бойынша оқитын болашақ мамандардан алынған сауалнаманың мазмұны беріліп, оның нәтижесі сипатталды. Сауалнама нәтижесі бойынша болашақ арнайы педагогтердің «зерттеушілік құзыретін» дамытудың мәселесі анықталды. Болашақ арнайы педагогтердің зерттеушілік құзыретін дамыту мәселесі: «арнайы педагогтердің зерттеушілік құзыретін дамыту» таңдау пәнін ендіру, «Жас ғалымдар» клубының жоспары бойынша іс-шаралар ұйымдастыру, республикалық, университет, институт, кафедра көлемінде байқаулар өткізу, халықаралық, республикалық ғылыми конференцияларға қатысу қарастырылған.






