Арт-технологиялар арқылы әлеуметтік педагогтерді кәсіби даярлау үдерісін модельдеудің тұжырымдамалық негіздері
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-154-1-253-272Кілт сөздер:
арт-технология, арт-терапия, әлеуметтік педагогтерді даярлауАңдатпа
Мақалада отандық және шетелдік ғылыми еңбектерге сүйене отырып, әлеуметтік педагогтерді кәсіби даярлауда арт-технологиялардың маңыздылығы мен тиімділігіне теориялық талдау жасалады. Арт-технология ұғымының тарихына шолу жасалып, оны білім беруде қолданудың ерекшеліктері қарастырылды. Арт-технологияларды болашақ әлеуметтік педагогтерді кәсіби даярлауда қолдану негізінде шешімін табатын мәселелер жүйеленді. Отандық және шетелдік ғалымдардың «арт-технология» ұғымына берген анықтамалары талданып, сипаттамасы ортақ анықтамаларға топтастырылды. Арт-технологияларды әлеуметтік педагогтерді кәсіби даярлауда қолдану барысында оның катарсистік, реттеуші, коммуникативтік-рефлексивті функциялары талданды. Білім беру үдерісінде арт-технологияларды пайдалану оқыту материалдарының құрылымын оңтайландыру, оқыту үдерісін жоспарлауды жақсарту, танымдық қызметті басқару, оқу-танымдық қызметті басқару, білім беруді диагностикалау, болжам жасау, жобалау міндеттерін шешетіндігі де қамтылды. Әлеуметтік педагогтерді кәсіби даярлаудағы, сондай-ақ олардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытудағы арт-технологиялардың мүмкіндіктерін талдау арқылы модель құрастырылды. Ұсынылған модель тұжырымдамалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өлшемдік блоктардан тұрады. Модельдің тұжырымдамалық блогы модель мақсатын, міндеттерін, әдіснамалық тұғырлары мен принциптері сияқты болашақ әлеуметтік педагогтарды даярлау бағдарламасына қажетті мазмұнды қамтыса, технологиялық блогы болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін арт-технологиялар арқылы дамыту үдерісінің технологиялық (ішкі мазмұндық) жағын көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл блок модель мақсатына жетудегі формалар, әдістер мен құралдарды, модельді жүзеге асыру механизмдерін қамтиды. Ұйымдастырушылық блок болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арт-технологиялар арқылы дамытудың педагогикалық шарттары мен кезеңдерін, өлшемдік блок болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытудың компоненттері, өлшемдері мен деңгейлерін құрайды. Мақала мазмұнында ұсынылған модель болашақ әлеуметтіктердің кәсіби құзыреттіліктерін арт-технологиялар арқылы дамытудың басты бағдары бола алады.






