Тәуекел картасы арқылы жоғары оқу орнының сапасын арттыру мақсатында тәуекелдерді басқару

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-155-2-20-30

Кілт сөздер:

Тәуекел, тәуекел картасы, тәуекелді басқару, жоғары оқу орны тәуекелдерді басқару, ішкі тәуекел, сыртқы тәуекел

Аңдатпа

Мақалада жоғары оқу орындарында кездесетін тәуекелдердің жоғары оқу орнының қызметіндегі маңыздылығы мен өзектілігі қарастырылып, анықталған тәуекелдерді тәуекел картасы арқылы басқару қарастырылған. Авторлар  отандық  және  шетелдік  ғылыми педагогикалық әдебиеттерде  тәуекелдердің зерттелу  жағдайына  талдау  жасаған.  Жоғары оқу орнында кездесетін тәуекелдердің маңыздылығын айқындау мақсатында көптеген тәуекел түрлері  сараланған. Жоғары оқу орнының тәуекелдерін басқару жалпы қабылданған тәсілдерге, білім беру ерекшеліктеріне, ЖОО тәуекелдері мен қауіптерінің нақты жіктемесіне негізделуі қажет. Жоғары білім - бұл белгілі бір тәуекелдермен сипатталатын сала. Білім беру ұйымының тәуекелдерін айқындау, болжау және бағалау білім алушыларды даярлау сапасы контекстінде жүзеге асырылуға, сапа саласындағы бекітілген мақсаттарға, сондай-ақ білім беру стандарттарының белгіленген нормалары мен талаптарына сәйкес келуге тиіс. Бұл ретте жоғары оқу орнының қызметін қажетті ресурстармен қамтамасыз ету тұрғысынан бағалау маңызды. Білім беру ұйымдарындағы тәуекелдерді басқарудың өзектілігі жоғары білім беру жүйесін реформалауға байланысты. Осыған байланысты білім беру ұйымдарының тәуекелдері мен мүмкіндіктерін анықтау және бағалау, сондай-ақ оларды басқарудың жаңа әдістерін іздеу қажеттілігі туындайды. Мақаланың мақсаты жоғары оқу орындарының қызметінде кездесетін ішкі және сыртқы тәуекел түрлерін тәуекел картасы арылы басқару болып табылады. Мақала төңірегінде жоғары оқу орнының қызметіне әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар қарастырылды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тәуекел картасы арқылы жоғары оқу орнының сапасын арттыру мақсатында тәуекелдерді басқару. (2026). Gumilyov Journal of Pedagogy, 155(2), 20-30. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-155-2-20-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 123

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары