Педагог-психологтардың біліктілік пен шеберлік деңгейін арттыру тетіктері
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-150-1-106-117Кілт сөздер:
педагог-психологтарды кәсібилендіру, біліктілік пен шеберлік деңгейі, кәсіби қызметті жетілдіруАңдатпа
Мақалада жалпы білім беру ұйымында білім беруді ұйымдастырудағы педагог-психологтың кәсіби қызметін жетілдірудің құрылымдық-мазмұндық моделі келтірілген. Бұл моделді Астана қаласы мектептеріне қолдануды зерттеу жеті блокпен ұсынылған. Зерттеулерде жалпы білім беретін мектептердегі педагог-психологтардың кәсіби іс-әрекетін жетілдіруді теориялық тұрғыдан айқындау және оның педагогикалық шарттарын анықтай отырып, моделін жасау үшін модельдің бірінші блогы қолданылды. Педагог-психологтардың біліктілік пен шеберлік деңгейін арттыруға деген ұмтылысын күшейтетін тетіктерді зерттеу мәселесі өзекті әрі маңызды мәселе. Білім беру мекемесінің педагог-психологтарының кәсіби-педагогикалық қызметі басқа қызмет түрлеріне қатысты бастапқы негіз болып табылады және кез-келген маманның мотивациялық саласын білу және түсіну оның кәсіби өзін-өзі тануын дамытуға мүмкіндік береді. Мамандық таңдау кезеңінде және оны кәсіби маман ретінде жетілдіру процесінде, педагог-психологтарды кәсібилендіру процесінде оның мотивациялық саласында шеберліктің жетілуіне әкелетін өзгерістер болады. Сондықтан мектеп педагог-психологтарының кәсіби және педагогикалық қызметін жетілдіру мәселесі өте маңызды теориялық және практикалық мәнге ие, өйткені оның әртүрлі аспектілерін талдау білім беру жүйесінің тиімділігін арттырады. Зерттелген мектептердегі кәсіби құзыреттіліктің интегралды критерийінің қалыптасу деңгейлерін салыстырмалы талдау, респонденттердің екі тобындағы көрсеткіштер бірдей деңгейде екенін көрсетті.Жүктеулер
Жарияланды
2025-03-31
Журналдың саны
Бөлім
Статьи
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Педагог-психологтардың біліктілік пен шеберлік деңгейін арттыру тетіктері. (2025). Gumilyov Journal of Pedagogy, 150(1), 106-117. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-150-1-106-117