Химияны оқытуда әлеуметтік-эмоционалдық күйді талдау және ЖИ мүмкіндіктерін пайдалану
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-151-2-145-160Кілт сөздер:
жасанды интелект, химия, әлеуметтік-эмоционалдық оқыту, технология, оқушыАңдатпа
Жасанды интеллект зерттеуі сан жылдарды қамтитын ғалымдар мен инженерлердің үздіксіз әрекеттерінің жемісі. Оның қызметі ақпараттық жүйелер топтамасын кеңейту, база қорының мүмкіндіктерін дамыту болса, жылдар өте адам қабілеттерін, сезімдік қасиеттерін енгізу, адамға ұқсас интеллектінің болуы қазіргі зерттеулерде өзекті болып отыр. Химияны оқытуда оқушылардың әлеуметтік-эмоционалдық жағдайын талдау және болжау үшін жасанды интеллектіні қолдану арқылы білім беру процесінің сапасын дамыту ғылыми жұмыстың мақсаты болып табылады. Ғылыми жұмысты жаратылыстану пәндерін оқытуда оқушылардың әлеуметтік-эмоционалдық күйі мәселесіне қызығушылығы бар оқытушылар мен осы сала аясындағы зерттеуші ғалымдар пайдалана алады. Зерттеуді жүргізу сипаттамалық зерттеу әдісіне сүйене отырып, екі бағытта іске асырылды. Бірінші бағыт бойынша білім беру процесіндегі жасанды интелект мүмкіндіктерін анықтауда олардың түрлері мен қолдану аясы қарастырылып, осыған дейін зерттеген зерттеуші ғалымдардың жұмыстары жинақталды. Екінші кезекте, зерттеуді жүргізу алдында тақырып аясына қатысты сауалнама (Google form) арқылы оқушылардың пікірі мен көзқарасы анықталды. Сауалнама қолжетімді популяция негізінде Шымкент қаласындағы бірнеше мектептердің 8 сынып оқушыларынан алдынды. 97 қатысушылардың 96-сы өз жауаптарын берді. Сауалнамадағы әр сұраққа қатысушылардың жауаптарына талдау жасалынып, сауалнама сұрақтарының сенімділік дәрежесі Кронбах альфа арқылы анықталды. Сауалнама нәтижесінде, білім алушылардың басым көпшілігі сабақ барысында мұғалімнен эмоционалдық қолдау күтетіндігі, өзінің эмоциялық жай-күйін айта алмайтындығы және өздерін кей жағдайда жалған кейіпте сезінетіндігі белгілі болды. Сондай-ақ, жасанды интелект ұғымына қызығушылықтары бар және оны сабақ барысында қолдану білім сапасына әсер ете алатындығы зерттеу жұмысын жүргізуге ықпал етеді. Зерттеушілер сауалнама нәтижелерін, яғни, артықшылықтары мен кемшіліктерін ескере отырып, одан әрі дамыту мақсатында зерттеу ауқымын кеңейте алады.






