Кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырудың заманауи әдістемесі
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-154-1-85-100Кілт сөздер:
педагогтер, оқушылар, кәсіби бағдар беру, құзыреттер, цифрлық технологиялар, жасанды интеллектАңдатпа
Мақалада кәсіби бағдар беру жұмыстарын жалпы орта білім беретін мектептерде жүргізудің өзектілігін, жаңа кәсіптер мен құзыреттер Атласы негізінде ұйымдастырудың маңыздылығы туралы айтылған. Белсенді өзгеріп жатқан қазіргі әлем жағдайында еңбек нарығы да тез өзгеруде. Кейбір мамандықтар пайда болып, танымалдылығы артса, енді басқа мамандықтар аз сұранысқа ие болып, ұмытыла бастайды. Демек, «Қандай мамандықты игерген дұрыс?» деген ой келеді.
Беделді мамандық көпшілікті қызықтырады және алдымен оқуға түскен кезде, кейіннен жұмыс орнына тұрарда байқауда жоғары бағаланады. Сондықтан да жоғары табыс пен мансаптық жетістікке жету үшін талапкер қиын сынақтар мен үлкен бәсекелестікке дайын болуы керек. Талапкер бүгінгі таңда және болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтарды Жаңа кәсіптер Атласының көмегімен таңдауына мүмкіндік бар. Жаңа кәсіптер мен құзыреттер Атласы – бұл әр сала сарапшыларының пікірінше, қазірдің өзінде сұранысқа ие және жақын арада пайда болатын кәсіптер жинағы. Бұл атласта бізге жақын болашақта 5-10 жыл көлемінде үлкен сұранысқа ие болатын мамандықтар тізімін береді. Атласта ұсынылған бірнеше жаңа мамандық сипаттамасы мақалада берілген. Сонымен қатар, Астана қаласындағы 2 орта мектептің 9 сынып оқушыларының кәсіпке бейімділігін анықтау бойынша жүргізілген эксперимент нәтижесі көрсетілген.






