Әлеуметтік желілердегі AR эффектілерін пайдаланудың педагогикалық мүмкіндіктері
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-154-1-220-238Кілт сөздер:
цифрлық сауаттылық, медиасауаттылық, AR эффектілері, әлеуметтік желілер, жоғары білім беру, цифрлық қауіпсіздікАңдатпа
Мақалада әлеуметтік желілердегі AR (augmented reality) эффектілерін жоғары білім беру жүйесінде ЖОО студенттері мен оқытушыларының цифрлық сауаттылығын дамыту құралы ретінде пайдаланудың педагогикалық мүмкіндіктері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі цифрлану жағдайында студенттердің Instagram, TikTok, Snapchat сияқты платформалардың белсенді қолдануы, алайда осы ортадағы AR эффектілерінің көбіне ойын-сауық мақсатында қолданылып, оқу, визуализация, креативті контентті жасау және цифрлық қауіпсіздік дағдыларын дамыту тұрғысынан аз зерттелуімен негізделеді.
Зерттеу теориялық-шолу және концептуалдық модельдеу әдістеріне сүйенеді. Digital literacy, media literacy, AR/VR in education және social media studies бағыттарындағы ғылыми әдебиеттерге теориялық шолу жасалып, мазмұндық және салыстырмалы талдау жүргізілді. Spark AR, TikTok Effect House сияқты AR-платформалар контенттік талдау арқылы қарастырылды.
Мақалада әлеуметтік желілердегі AR эффектілерін цифрлық сауаттылықтың ақпараттық, техникалық, креативтік және қауіпсіздік компоненттерін дамыту құралы ретінде түсіндіретін педагогикалық модель ұсынылады. Сондай-ақ ЖОО оқытушыларына AR эффектілерін оқу процесіне кіріктіру бойынша әдістемелік ұсыныстар мен оқу сценарийлерінің негізгі бағыттары айқындалады. Зерттеу нәтижелері жоғары білім беру ұйымдарында цифрлық және медиасауаттылықты қалыптастыруға арналған білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және оқу үрдісін студенттерге таныс цифрлық ортада ұйымдастыруға практикалық негіз бола алады деп күтіледі.






