Жеткіншектердің виктимдік мінез-құлқының алдын алуда әлеуметтік педагогтың құқықтық құзыреттілігі
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-152-3-288-302Кілт сөздер:
жеткіншек, виктимдік мінез-құлық, виктимділік, әлеуметтік педагог, құқықтық құзыреттілік, виктимизация процесі, қолайлы ортаАңдатпа
Мақалада жеткіншектердің виктимдік мінез-құлқының алдын алуда әлеуметтік педагогтың құқықтық құзыреттілігінің кәсіби қызметі негіздері зерттелген. Зерттеудің мақсаты – виктимдік мінез-құлық пен оның қылмыстық әрекеттерге байланысын зерттеу арқылы жасөспірімдердің өмірге бейімделуінде әлеуметтік педагогтардың құқықтық құзыреттілігі мен кәсіби негіздерін ашу. Мақалада "виктимділік", "жәбірленушілік", "виктимдік мінез-құлық", "құқықтық құзыреттілік" ұғымдарына түсініктеме беріліп, олардың әлеуметтік-педагогикалық мәні көрсетілген. Зерттеу барысында жеткіншектердің виктимдік мінез-құлқының алдын алу мен түзетуде олармен жүргізілетін жұмыстардың тиімділігі әлеуметтік педагогтың кәсіби құзыреттілігіне байланыстылығына назар аударады. Мектеп оқушыларының виктимдік мінез-құлқының алдын алу мәні мен мазмұнын теориялық тұрғыдан талданған пайымдаулар негізінде жеткіншектерде мәдени құндылықтар мен құқықтық сауаттылықты қалыптастыру барысындағы әлеуметтік педагогтардың құқықтық құзыреттілігі маңыздылығын көрсетеді. Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі жеткіншектердің виктимдік мінез-құлқының әлеуметтік бейімделу үдерісінің құрылымы сызба арқылы бейнеленді. Жасөспірімдердің мінез-құлқындағы виктимділікке бейімділігіне әсер ететін факторлар - жетімдік, отбасындағы зорлық-зомбылық, ата-аналардың маскүнемдігі, қорқыту, жайлы және қауіпсіз білім беру ортасының болмауы, қылмыстық топтарға тартылуы, ақпараттық ортаның теріс функциясы қарастырылды. Мақалада әлеуметтік қауіпті жағдаяттар құрбанына жетелейтін жеткіншектердің виктимдік мінез-құлқының құбылысы мен оның алдын алу мәселесінің теориялық-әдіснамалық және ғылыми-практикалық негіздері қарастырылады. Бұл мақала нәтижесінде әлеуметтік педагогтың кәсіби қызметі білім беру мекемесінде жеткіншектердің виктимдік мінез-құлқының алдын алу шараларын тиімді ұйымдастырудың маңыздылығын көрсетеді.






