Заманауи педагогикалық теория мен тәжірибедегі отбасылық құндылықтар мен рөлдік күтулердің өзара байланысы
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-152-3-173-187Кілт сөздер:
отбасы, құндылық, рөлдік күтулер, байланыс, ерлі-зайыптыларАңдатпа
Мақалада заманауи педагогикалық теория мен тәжірибені зерделей келе отбасылық құндылықтар мен ерлі-зайыптылар арасындағы рөлдік күтулердің өзара байланысы зерттелді. Теориялық талдау барысында О.Конт, Ж.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев, С.Қоңырбаева, Қ.Т.Атемова Ш.Шүйіншина мен М.П.Кабакованың зерттеулері негізге алынып, отбасы, отбасылық құндылықтар мен ерлі-зайыптылар арасындағы рөлдік күтулер туралы ғалымдардың тың пікірлері қарастырылды. Отбасылық құндылықтар қоғамның негізгі құрамдас бөлігі және ол мәдениет пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Құндылықтар отбасы ішіндегі қарым-қатынас пен отбасы мүшелерінің өзара байланысын реттейтін принциптер, сенімдер мен нормалар жиынтығы деуге болады, біз өз зерттеуіміз барысында отбасылық құндылықтар отбасы ішіндегі салауатты және бақытты қарым-қатынастың негізін құрайтындығын зерттеу барысында анықтадық. Ал, өз кезегінде құндылықтар үйлесімділікті, сенім мен сыйластықты қалыптастыруға, сондай-ақ жеке тұлғалардың дамуына және отбасы мүшелері арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді. Шексіз сүйіспеншілік, құрмет, сенім, жауапкершілік және білімге деген ұмтылыс отбасына қиындықтарды жеңуге және бірге бақытты, тұрақты өмірге қол жеткізуге көмектесетін негізгі принциптер болып табылатындығын теорияық талдау негізінде көз жеткіздік. Қазақ халқында «Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақжаулык, үшінші байлық - он саулық» деген сөз бар екені мәлім, бұны өмір пәлсәпасы, яғни өмір философиясы деуге де болады.
Теориялық зерттеулер негізінде отбасы мәселесін зерттеудегі философия, педагогика, психология саласындағы ғалымдардың көзқарастары сарапталып, эксперимент арқылы отбасы құндылықтары мен рөлдік күтулердің өзара байланыстылығы анықтау мақсаты қойылды. Зерттеу мақсатына орай, эксперименттік жұмыс барысында «Серіктестердің рөлдік күтулері» әдістемесі (Н. Волкова) және «Отбасыдағы қарым-қатынас» сауалнамасы (Алешина Ю.Е., Гозман Л.Я., Дубовская Е.М.) әдістемесі, математикалық-статистикалық талдау әдістері қолданылды, алынған зерттеу нәтижелеріне сәйкес қорытынды жасалады. Теориялық талдау мен эксперименттік зерттеу нәтижесіне сәйкес отбасылық құндылықтар мен ерлі-зайыптылар арасындағы рөлдік күтулердің арасында өзара байланыстылығы пайымдалды.






