«Өзбекәлітану» таңдау пәнінің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу тәжірибесі мен даму перспективалары
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-155-2-115-131Кілт сөздер:
Өзбекәлі Жәнібеков, тарихи тұлғатану, ұлттық құндылықтар, «Өзбекәлітану» таңдау пәні, оқыту әдіс-тәсілдеріАңдатпа
Бұл мақалада «Өзбекәлітану» атты таңдау пәнінің оқу-әдістемелік кешенін (ОӘК) әзірлеу тәжірибесі баяндалады. Тарих ғылымы мен этномәдениет салаларында өзіндік орны бар қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қызметі қазіргі білім беру жүйесінде оқытудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Пән мазмұнын құрастыруда отандық тарих, этнография, мәдениеттану мен педагогика ғылымдарының іргелі тұжырымдары негізге алынған.
ОӘК әзірлеу барысында пәннің мақсаты мен міндеттері, білім алушыларға қойылатын оқу нәтижелері, оқу жоспары мен тақырыптық мазмұны, семинар және практикалық сабақтар құрылымы, бақылау және бағалау түрлері, сондай-ақ әдебиеттер тізімі ғылыми-әдістемелік талаптарға сай жүйеленді. Пән мазмұны Өзбекәлі Жәнібековтің тарихи тұлғасын жан-жақты таныстыруға, оның мәдениет, өнер, ғылым мен білім саласын дамытудағы өнегесі арқылы білім алушылардың танымын жаңалауға бағытталған.
Сонымен қатар, ОӘК білім контентін құрастыруда дереккөздерге, оның ішінде мұрағат материалдарына, замандастарының естеліктеріне, зерттеу еңбектеріне, Өзбекәлі Жәнібековтің авторлық шығармаларының мәліметтері іріктеп алынды. Таңдау пәні білім алушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытып, тарихи сана мен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.
Мақалада, «Өзбекәлітану» таңдау пәнін оқу үдерісіне енгізудің өзектілігін негізделіп, жоғары білім берудегі тәрбиелік, ғылыми және идеологиялық маңызына баса мән беріледі. Аталған тәжірибе Қазақстан тарихының тағылымын жас ұрпаққа жеткізуде жаңа пәннің бірі ретінде қарастырылады.






