Қоғамға қызмет көрсетуді институционализациялау: ықпалдастыққа бағытталған университет

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-151-2-242-261

Кілт сөздер:

жоғары білім, қоғаммен ықпалдасу, институционалдық тәжірибелер

Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің өзгермелі жағдайында қоғаммен ықпалдасқан университет моделінің қалыптасу үдерісін зерттеу. Қазіргі таңда университеттердің әлеуметтік миссиясы мен орнықты дамуға қосар үлесіне деген қоғамдық сұраныс артып келеді. Осы орайда, зерттеу өзектілігімен ерекшеленеді. Зерттеу барысында салыстырмалы кейс-стади әдісі қолданылып, университеттің стратегиялық және ішкі құжаттарына тақырыптық талдау жүргізілді, сондай-ақ қазіргі тәжірибелер мен дискурстарға бақылау жасалды. Назарбаев Университетінің тәжірибесі халықаралық модельдермен – Карнеги классификациясы, Engagement Scholarship Consortium және Talloires Network құрылымдарымен салыстырмалы түрде талданды. Нәтижелер көрсеткендей, қоғаммен ықпалдасу элементтері университеттің риторикасы мен бастамаларында, сондай-ақ жекелеген білім беру және ғылыми жобаларда байқалады, алайда толыққанды институционалдық модель әлі қалыптаспаған. Теориялық тұрғыдан алғанда, бұл зерттеу өтпелі жүйедегі жоғары оқу орындарында engagement қағидаларын жүзеге асыру ерекшеліктерін нақтылауға мүмкіндік береді. Ал практикалық жағынан – университеттердің әлеуметтік жауапкершілік саясатын қалыптастыру мен дамытуда қолдануға болады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қоғамға қызмет көрсетуді институционализациялау: ықпалдастыққа бағытталған университет. (2025). Gumilyov Journal of Pedagogy, 151(2), 242-261. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-151-2-242-261

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 36

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.