Химия пәнінен оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған көп деңгейлі тапсырмаларды құрастырудеңейлі тапсырмалар
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-150-1-42-57Кілт сөздер:
деңейлі тапсырмалар, есептер шығару, функционалды сауаттылық, жаратылыстану сауатттылығы, PISA, орта мектеп, химияАңдатпа
Көптеген ғалымдар мен педагогтер функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі мектептегі білім берудің өзекті мәселелерінің бірі деп есептейді. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, мектеп оқушыларының оқу сауаттылығы, математикалық және жаратылыстану сауатылылығы тиісті деңгейде қалыптаспаған, соның салдарынан оқушылар химия сабағында есептер шығаруда, берліген схемамен реакция теңдеулерін жазуда, проблемалық сұрақтарға жауаптар тұжырымдауда және т.б. қиналады. Сабақтарда көп деңгейлі тапсырмаларды қолдана отырып бұл қарама-қайшылықты шешуге болады.
Көп деңгейлі тапсырмалар мазмұны, сипаты, көлемі бойынша тапсырмалар айырмашылығы көрінетін жекедара тәсілді білдіреді.
Мақалада көп деңгейлі тапсырмалардың мазмұнына қойылатын заманауи әдістемелік талаптар, негізгі түрлері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері, сондай-ақ химия сабақтарында көпдеңгейлі тапсырмаларды қолданудың негізгі ерекшеліктері сипатталған. 9 сынып оқушыларына арнап «Күкірт. Күкірттің қосылыстары», «Азот. Амииак» тақырыптары бойынша құрастырылған тапсырмалар көрсетілген. Алынған нәтижелерге сүйене отырып, химиядағы жеке тақырыптарды зерттеу кезінде көп деңгейлі тапсырмаларды қолдану оқу материалын игерудің сәттілігін арттырады деген қорытынды жасауға болады, өйткені бұл әр оқушының жеке дара ерекшеліктерін ескереді.