Педагог-психологтердің кәсіби цифрлық құзіреттілігіндамытудың маңыздылығы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-155-2-59-71

Кілт сөздер:

цифрлық құзыреттілік, цифрландыру, цифрлық білім беру ресурстары, кәсіби даму, цифрлық дағдылар, психологиялық қолдау

Аңдатпа

. Мақалада қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі ретінде мемлекеттік саясаттың басымдықтарына айналған цифрландыруды жүзеге асыру барысында болашақ мамандардың кәсіби цифрлық құзыреттілігін дамытудың маңыздылығы талқыланған. Цифрлық құзіреттілік білім беру үдерісінде  ақпараттық коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану, білім  алушылармен өзара  әрекеттестікті ұйымдастыру және кәсіби міндеттерді шешуде инновациялық тәсілдерді қолдау қабілеттерін қамтиды. Педагог-психологтің кәсіби жұмысы тек білім беру мазмұнын жеткізумен шектелмей, білім алушылардың психологиялық даму ерекшеліктерін ескере отырып, цифрлық ортада қолайлы оқу атмосферасын қалыптастыруды, оқыту үдерісін даралауды, цифрлық диагностика мен кеңес беру құралдарын қолдануды қамтиды. Авторлар  педагог-психологтың  цифрлық құзіреттілігі кәсіби табыстылықтың, білім сапасының және психологиялық қызметтің тиімділігінің  негізгі көрсеткіші екендігін атап өтеді. Мақалада зерттеу мәселесіне сәйкес, теориялық талдаулар, әдістемелік мүмкіндіктер және тәжірибедегі қолданулар сипатталып, бірқатар ұсыныстар мен қорытынды тұжырымдар жасалған. Болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамытудың тиімді әдістері, кезеңдері, компоненттері, деңгейлері, көрсеткіштері мен өлшемдері, модельдері және бағыттары, сондай-ақ олардың әлеуметтік-психологиялық жұмыстарды атқаруға дайын болу мәселелері атап көрсетілген. Зерттеу нәтижелері педагог-психологтің кәсіби құзіреттілігін арттыруда цифрлық сауаттылықты дамыту басты басымдықтардың бірі екенін айқындайды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Педагог-психологтердің кәсіби цифрлық құзіреттілігіндамытудың маңыздылығы. (2026). Gumilyov Journal of Pedagogy, 155(2), 59-71. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-155-2-59-71

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 119

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары