Нашар еститін бастауыш сынып оқушыларын фольклор негізінде патриотизмге тәрбиелеудегі отбасының рөлі
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-156-3-196-215Кілт сөздер:
патриотизм, патриоттық тәрбие, ұлттық құндылық, патриотизмге тәрбиелеу, нашар еститін оқушылар, отбасының рөлі, фольклорАңдатпа
Оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу - бүгінгі таңда еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуі негізделетін басты құндылықтардың бірі және қазіргі білім беру саясатының басым бағыты. Қазіргі таңда қоғамдық өмірдің түрлі салаларындағы басымдықтардың өзгеруіне байланысты оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің мазмұны қайта қарауды талап етеді. Ал нашар еститін бастауыш сынып оқушыларында осы құндылықтардың қалыптасуына тікелей әсер ететін негізгі институттардың бірі – отбасы. Зерттеу нашар еститін бастауыш сынып оқушыларын фольклор негізінде патриотизмге тәрбиелеудегі отбасының рөлін нақтылау мақсатында жүргізілді. Авторлар мақалада «патриотизм», «патриотизмге тәрбиелеу», «отбасының рөлі», «фольклор» ұғымдарының мазмұнын ашады, шетелдік және отандық ғалымдардың анықтамаларына зерттеу тәсілдерін талдайды және оларды қазіргі жағдайда нашар еститін бастауыш сынып оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу мәселелерінде қолдану мүмкіндіктерін анықтайды. Осыған байланысты мақалада мәселені зерттеудің жетекші әдісі ретінде – ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау және нашар еститін бастауыш сынып оқушыларын патриотизмге тәрбиелеуде отбасының рөлін, фольклорды пайдалану мазмұнын анықтауға мүмкіндік беретін сауалнама әдісі пайдаланылды. Сауалнамаға нашар еститін бастауыш сынып оқушыларының 60 ата-анасы қатысты. Зерттеу нәтижесі отбасының патриотизмді тәрбиелеудегі әлеуетін дамытудың перспективасын анықтауға мүмкіндік берді. Материалдар мен идеялар арнайы мектеп тәрбиешілері, бастауыш сынып педагогтері, арнайы білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін мамандар үшін практикалық маңызы бар.





