Рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде заманауи жастарды тәрбилеудің маңыздылығы
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-155-2-87-100Кілт сөздер:
рухани құндылықтар, адамгершілік, құндылық, жастар, қазіргі жастар, тәрбие, дамуАңдатпа
Қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму жағдайында заманауи жастардың тәрбиесі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Жаһандану, ақпараттық кеңістіктің кеңеюі, құндылықтар жүйесінің өзгеруі заманауи жастардың дүниетанымы мен мінез-құлқына тікелей әсер етуде. Осы орайда біздің мақаламыз рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде заманауи жастарды тәрбиелеудің маңызы тақырыбына арналған. Қазіргі жаһандану жағдайында қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтар жүйесі үнемі өзгерістерге ұшырап, ғылым мен технологияның дамуы, цифрлық ақпараттың көптігі, мәдени әртүрлілік сияқты факторлар заманауи жастардың рухани әлеміне жаңа ықпалдар әкеліп, сананың қалыптасуы мен дамуына оңтайлы, кейде теріс ықпал етуде. Осындай кезеңде рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтап, заманауи жастарға дұрыс бағыт беру – қоғам алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі деп айтар едік. Рухани-адамгершілік құндылықтар заманауи жастардың тұлғалық дамуының, өмірлік ұстанымдарының және әлеуметтік бейімделуінің негізін қалайды. Біз шетелдік және Қазақстандық ғалымдардың еңбектерін талдай келе, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде заманауи жастарды тәрбиелеуде тек отбасы ғана емес, сонымен қатар орта, ЖОО жағдайындағы оқыту үдерісі, достардың да ықпалы бар екендігін зерттеу барысында айқындадық. Зерттеу жұмысы барысында заманауи жастар арасында авторлық сауалнама жүргізіп, алынған нәтижелерге сандық және сапалық талдау жасадық. Зерттеу нәтижелері заманауи жастарды тәрбиелеу үдерісінде рухани-адамгершілік құндылықтарды қолданудың маңыздылығы жоғары екенін көрсетті. Аталған құндылықтар тұлғаның жан-жақты дамуына, әлеуметтік жауапкершілігінің қалыптасуына және қоғамдағы моральдық-этикалық нормаларды саналы түрде меңгеруіне ықпал ететіні анықталды.






