Білім алушылардың зерттеушілік дағдысын қалыптастырудағы оқытушының рөлі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-155-2-162-175

Кілт сөздер:

зерттеушілік дағды, тұлға, тьютор (кәсіби тәлімгер), үйлестіруші, шабыттандырушы, көмекші, сыни тұрғыдан ойлау

Аңдатпа

Мақалада білім алушылардың зерттеушілік дағдысын қалыптастырудағы оқытушының рөлі қарастырылады. Білім беру процесіндегі зерттеушілік іс-әрекеттің өзектілігі мен негізгі факторлары айқындалады. «Зерттеушілік дағды» ұғымы білім алушылардың білім алуына, өз бетінше ойлау, ақпаратты талдау және синтездеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін оқытудың тиімді әдісі ретінде зерттеледі. Ол академиялық жетістікке жетудің негізі, оқу іс-әрекетінің айрықша стилін қалыптастыру тәсілі, білім алушыларды білім алуға жетелейтін түрткілерді қалыптастыратын шығармашылық іс-әрекет ретінде түйінделеді. Оқытушы тұлғасы білім беру жүйесіндегі тьютор (кәсіби тәлімгер), үйлестіруші, шабыттандырушы, көмекші, бастауыш зерттеушінің кеңесшісі ретінде анықталады. Оқытушы рөлінің зерттеуге жағдай жасау, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, қолдау және мотивация, зерттеу әдістері мен тәсілдерін үйрету, топта жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру, шығармашылық пен инновацияны ынталандыру, бағалау және кері байланыс сияқты негізгі аспектілері талданады. Білім алушылардың зерттеушілік дағдысын қалыптастыруға арналған әдіс-тәсілдер мен тапсырма түрлері ұсынылады. Оқытушының білім алушылардың зерттеушілік іс-әрекетін дамытуға бағытталған негізгі жеке қасиеттері, дағдылары мен әлеуеті сараланады. Білім алушылардың зерттеушілік дағдысын қалыптастырудағы Ecowiki, Ecodialogue, Google Earth, Windy сияқты электрондық білім беру ресурстарының маңыздылығы айқындалып, геоэкологиялық мәселелерді оқытуға байланысты тапсырмалармен дәйектеледі. 

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Білім алушылардың зерттеушілік дағдысын қалыптастырудағы оқытушының рөлі. (2026). Gumilyov Journal of Pedagogy, 155(2), 162-175. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-155-2-162-175

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 106

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.