Болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби іс-әрекетін рухани адамгершілік құндылықтар негізінде жетілдіру мәселесі
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-152-3-221-236Кілт сөздер:
әлеуметтік педагог, кәсіби іс-әрекет, рухани құндылықтар, адамгершілік, құндылық, терминалды құндылықтар, инструменталды құндылықтар, маман, болашақ маманАңдатпа
Мақалада болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби іс-әрекетін рухани адамгершілік құндылықтар негізінде жетілдіру мәселесі қарастырылған. Авторлар рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби іс-әрекетін қалыптастырудың бір бағыты ретінде қарастыра отырып, педагогика саласы бойынша бірқатар жетекші ғалымдардың еңбектерін саралап, ЖОО білім беру үдерісі барысында оларды қолданудың тиімділігін сөз етеді. Қазіргі таңда теориялық талдау негізінен көріп отырғанымыздай рухани-адамгершілік құндылықтар мәні, тәрбиелік маңызы туралы қазақ ғұламаларының, қоғам қайраткерлері мен ағартушы-педагогтарының ой-пікірлері мен көзқарастары ғылымда дәріптелуде. Бүгінгі таңның сұранысы қоғамда ізгілікке, руханилыққа бет бұрғызып, болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби іс-әрекетінде рухани адамгершілік құндылықтарын оқыту үдерісі барысында жетілдіру қажеттілігін айқындалып отырғандығында. Болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби іс-әрекетін жетілдіру мәселесінің ғылыми-әдіснамалық негіздеріне талдау жасай келе М.Рокичтің «Құндылық бағдарлар» әдістемесін жүргізіп, әлеуметтік педагогтарды даярлаудағы білім беру бағдарламасындағы пәндерге саралау жұмыстарын өткізген. Эмпирикалық зерттеуден алынған нәтиже бойынша терминалды құндылықтар мен инструменталды құндылықтар көрсеткішіне сәйкес 1 және 3 курс студенттері арасындағы құндылықтар арасында өзгешеліктер бар екендігі көрсетілген. Зерттеу нәтижелеріне сандық және сапалық талдау жасау арқылы кестелер мен сызбалар негізінде талдау жасаған. Мақала әлеуметтік педагогтарға, педагогикалық жоғары оқу орындарының оқутышылары мен студенттеріне, рухани-адамгершілік құндылықтарды мәселесін зерттеуші ғалымдар үшін қызықты болады деген сенімде.Downloads
Download data is not yet available.
Жүктеулер
Жарияланды
2025-09-30
Журналдың саны
Бөлім
Статьи
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби іс-әрекетін рухани адамгершілік құндылықтар негізінде жетілдіру мәселесі. (2025). Gumilyov Journal of Pedagogy, 152(3), 221-236. https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-152-3-221-236






