Болашақ педагог-психологтардың цифрлық сауаттылығын диагностикалау әдістемесі
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-156-3-93-111Кілт сөздер:
цифрлық сауаттылық, диагностикалық құрал, педагог-психологтарды кәсіби даярлауАңдатпа
Заманауи білім беру кеңістігінде цифрландыру кәсіби тәжірибенің ажырамас бөлігіне айналды. Цифрлық сауаттылық заманауи білім беру ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету, қашықтықтан кеңес беруді тиімді жүзеге асыру, диагностикалау, түзету, оңалту жұмыстарын цифрлық құралдар арқылы ұйымдастыру, сондай-ақ инновациялық технологиялардың педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу үдерісіне интеграциялануымен болашақ педагог-психологтар үшін өте маңызды. Мақалада болашақ педагог-психологтардың цифрлық сауаттылығының мәні ғылыми-педагогикалық, психологиялық тұжырымдамалар негізінде айқындалды. Халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатын цифрлық сауаттылықты диагностикалау әдістемелерінің педагог-психологтардың цифрлық сауаттылығын диагностикалауда нақты нәтижелер ұсынбайтындығы негізделіп, нақты педагог-психолог мамандарының цифрлық сауаттылығын диагностикалаудың авторлық әдістемесі ұсынылды. Диагностикалық әдістеме тестілеуді, жағдаяттық тапсырмаларды және кәсіби педагогикалық-психологиялық қызметтің нақты жағдайларын көрсететін практикалық тапсырмаларды қамтитын білім, білік және кәсіби дағдыларды көп деңгейлі талдауға негізделген. Педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу, қашықтықтан кеңес беруде және білім беру қызметінде цифрлық технологияларды қолдану қабілетін бағалауға ерекше назар аударылады. Әдістеме білім беру процесін бейімдеуге және болашақ мамандардың цифрлық құзыреттіліктерін мақсатты түрде дамыту траекториясын анықтауға мүмкіндік береді. Ұсынылған нәтижелер педагог-психологтарды даярлайтын жоғары оқу орындарында және біліктілікті арттыру орталықтарында болашақ педагог-психологтардың цифрлық даярлық деңгейін мониторингілеу үшін пайдаланылуы мүмкін.





