Цифрлық білім беру ортасында оқушылардың ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2026-156-3-112-134Кілт сөздер:
цифрлық орта, кибербуллинг, ақпараттық қауіпсіздік, цифрлық трансформация, ақпараттық мәдениет, әлеуметтік желілер, киберқауіптерАңдатпа
Бұл мақалада жасөспірімдердің цифрлық ортаға тәуелділігі – қазіргі қоғамның күрделі мәселелерінің бірі – әлеуметтік желілерге тәуелділігі және ақпаратты сыни тұрғыдан талдау дағдыларының төмен деңгейі сипатталған. Ақпараттық қауіпсіздікке байланысты кибербуллингке, хакерлік шабуылдарға және жеке деректердің шынайы өмірден тыс таралуына бейімділік барған сайын кеңінен таралуда. Ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ететін технологиялардың жылдам дамуына қарамастан, қазіргі қоғам жастарды әлеуметтік желілердегі түрлі киберқауіптер мен жағымсыз контенттің ықпалынан қорғап қала алмай отыр. Зерттеу барысында мектеп оқушыларының ақпараттық сауаттылығын анықтау үшін әртүрлі әдістер қолданылды. Теориялық талдау арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениеті мен олардың әлеуметтік ортадағы мінез-құлқы психологиялық тұрғыдан зерттелді. Сонымен қатар, психологиялық диагностика, педагогикалық тестілеу, бақылау, модельдеу және материалдарды математикалық өңдеу сияқты әдістер кеңінен пайдаланылды. Зерттеу барысында мектеп оқушыларының ақпараттық сауаттылығы әртүрлі факторлардың ықпалымен динамикалық түрде өзгеретіні анықталды. Бұл процеске әлеуметтік орта мен отбасы құндылықтары тікелей әсер етеді. Мектеп оқушылары арасында жүргізілген зерттеу нәтижелері олардың көпшілігінің әлеуметтік желілерге тәуелді екенін көрсетті. Соның салдарынан олардың оқу белсенділігі төмендеді. Мектеп оқушыларының ақпараттық сауаттылығын дамыту үшін әдістемелік нұсқаулықтар мен бағдарламалар, сондай-ақ оқыту тақырыптары ұсынылды. Әлеуметтік желілердегі контентті талдаудың мысалдары да берілді. Бұл зерттеу мектеп оқушыларының ақпараттық сауаттылығын кешенді теориялық тұрғыдан талдауға бағытталған бірегей жұмыс болып табылады. Ол оқушылардың ақпараттық кеңістікте өз бетінше әрекет ету, киберқауіпсіздік қағидаларын меңгеру және цифрлық трансформация жағдайында сауаттылық таныту қабілеттерін зерттеуге назар аударады. Зерттеу нәтижелері мен ұсыныстар жалпы білім беретін мектептерде, қосымша білім беру мекемелерінде және колледждерде қолданылуы мүмкін.





