Қазақстандағы студенттердің ішкі академиялық ұтқырлығы: институционалдық тәжірибе және стратегиялық бағыттар
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-152-3-40-58Кілт сөздер:
ішкі академиялық ұтқырлық, жоғары білім, Қазақстан, университеттер, институционалдық тәжірибе, білім беру стратегиясы, академиялық алмасуАңдатпа
Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында студенттердің академиялық ұтқырлығы мамандарды сапалы даярлауды және университеттер арасындағы академиялық әріптестікті нығайтуды қамтамасыз етудің негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырылады. Осы контексте ішкі академиялық ұтқырлық – ел ішіндегі жоғары оқу орындарының арасындағы шынайы және тиімді ынтымақтастықтың қолжетімді құралы ретінде ерекше маңызға ие.
Мақалада студенттердің ішкі академиялық ұтқырлығының қазіргі жағдайы теориялық және эмпирикалық тұрғыда талданады. Қазақстан университеттеріндегі институционалдық механизмдер, нормативтік-құқықтық база, тәжірибелік үлгілер мен кездесетін кедергілер сипатталады. Оқу жоспарларының үйлеспеуі, пәндерді қайта есептеу мәселелері, цифрлық шешімдердің тапшылығы және студенттердің төмен мотивациясы мәселелері атап өтіледі.
Білім беру стратегияларын зерттеу негізінде академиялық ұтқырлықты дамыту бағыттары ұсынылады: бірыңғай цифрлық платформа құру, академиялық талаптарды біріздендіру, студенттерді гранттар мен мансаптық мүмкіндіктер арқылы ынталандыру. Ішкі ұтқырлықтың білім беру кеңістігін біріктіруде, өңірлік интеграцияны ілгерілетуде және қазақстандық ЖОО-лардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы рөлі атап көрсетіледі.






