Бастауыш сынып оқушыларының бойында зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру жолдары
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1710-2025-150-1-162-172Кілт сөздер:
бастауыш сыныптар, зерттеу дағдылары, ақпараттық-білім беру, сыни тұрғыдан ойлау, шығармашылық, білім беру процесі, жаңашылдыққа ұмтылуАңдатпа
Мақалада бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік дағдыларын ақпараттық білім беру ортасында қалыптастыру мәселесі жан-жақты талқыланады. Зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру арқылы бастауыш сынып оқушылары сыни ойлау, аналитикалық қабілет және мәселелерді шешу дағдылары дамып, мұғалімдердің қолдауымен ғылыми жобаларға қатысып, эксперименттер жасап өзіндік ақпарат іздеу әдістерін меңгеретіндігі баяндалған. Бұл үдеріс олардың жаңа білімге деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ететіндігі, ізденімпаздық, шығармашылық және жаңалыққа ұмтылысты дамыту бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін өте маңызды екендігі, осылайша, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру және белсенді білім алуға ынталандыру жүзеге асырылатындығы айтылады.
Сонымен қатар зерттеушілік, ізденімпаздық, шығармашылық және жаңалыққа ұмтылыс мәселелері қарастырылады және олардың бастауыш сынып кезеңінде дамуының маңызды екендігі көрсетіліп, ғылыми жобаларға қатысу, эксперименттер жасау және өзіндік ақпарат іздеу әдістері арқылы бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік қабілеттері дамитындығы жеткізілген.
Бұл ғылыми зерттеу жұмысы зерттеу, зерттеушілік іс-әрекет және оқушы бойындағы зерттеушілік дағдыны қалыптастыру мәселелерін қарастырады. Зерттеу – жаңа білім өндіруге бағытталған ақыл-ой процесі ретінде анықталады, ол танымдық заңдылықтар мен құбылыстарды түсінуге көмектеседі. Зерттеушілік іс-әрекет оқушылардың белгісіз нәтижелерге жету мақсатында шығармашылық-зерттеу тапсырмаларын орындауын қамтамасыз ететін оқыту-тәрбиелеу жұмысының ерекше формасы болып табылады.